Астана қаласы “Бэйби Анджел” ЖШС “Бэйби Анджел” бөбекжайы 2020 жылы 23 қазан айынан бастап жұмыс жасайды . Оқыту тілі – мемлекеттік тіл. Бөбекжай жұмыс уақыты 8.00 – 18.00 дейін. Балалардың жас ерекшеліктеріне ,заман талабына сай жабдықталған 5 топ жұмыс істеуде. Музыка залы, медициналық кабинет бар.Балабақша 105 балаға рұқсат берілген. Балабақша аптасына 5 күн жұмыс жасайды. Жалпы педагог саны – 5. «Бэйби Анджел» ЖШС бөбекжайы оқыту мен тәрбиелеу жұмысын ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 2022жылғы 3тамыздағы № 348 стандарт талаптарына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» бойынша орындалуда. Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Заман өзгерген сайын, әдіс тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз . Біздің бөбекжай 2020-ші жылы ашылған. Бөбекжай жас тәрбиеленушілерді тәрбиелеуге және оқытуға қажетті заманға сай жабдықтармен, жиқаздармен, оргтехникамен, оқу-методикалық құралдарымен жабдықталған. СанПин нормасы мен өртке қарсы қауіпсіздік шаралары толығымен қарастырылған. Балалардың қауіпсіздігі үшін барлық топтарда және ойын алаңдарында бейне- бақылау орнатылған. Балалардың жасына сай, әр топта ойыншықтар мен оқу-әдістемелік материалдары қарастырылған. Бөбекжайда балалардың көңіл-күйін көтеру үшін тәрбиешілер жағынан бүкіл жағдай жасалынған. Біздің бөбекжайдың тәрбиешілері креативті өз жұмыстарын жетік білетін профессионалдар. Балалар біздің мемлекетіміздің болашағы! Болашақ дені сау, білімді ұрпақтың өсуіне біз үлкен үлес қосудамыз!
Құрылтайшы Калиакпарова Ақерке Рахимжанова
Білімі - жоғары, Математика және физика, екінші білімі педагог - зерттеуші Педагогикалық өтілі - 34 жыл
Кіші топ
Ерекшелігі 2 жас
Ортаңғы топ
Ерекшелігі 3 жас
Ересек топ
Ерекшелігі 4 жас
Мектепалды топ
Ерекшелігі 5 жас
Бөбекжайда тәрбиелеу кестесі
Біздің тәрбиешілеріміз
ШЕКЕНОВА АЙДАНА ТАЛГАТОВНА
Тәрбиеші
Білімі: жоғары, мамандығы "мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу". Еңбек өтілі: 2 жыл.
БАЛГАБАЕВА ГУЛБАКЫТ БАКЫТКЫЗЫ
Тәрбиеші
Білімі: жоғары, мамандығы "мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу". Еңбек өтілі: 2 жыл.
ТҰРҒЫНБАЙ ЖҰЛДЫЗ ҚАЛДЫБАЙҚЫЗЫ
Тәрбиеші
Білімі: жоғары, мамандығы «мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», Еңбек өтілі: 1 жыл
ТЕМІРБЕК РАУШАН НҰРШАТҚЫЗЫ
Тәрбиеші
Білімі: мамандығы "мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу". Еңбек өтілі: 1 жыл.
ИБРАГИМОВА САЛТАНАТ
Тәрбиеші
Білімі: жоғары, мамандығы "бастауыш сынып мұғалімі". Еңбек өтілі: 11 жыл.
Бейне галерея
Жетістіктеріміз
Әдістемелік жұмыстар
Балалар жұмысы
Сабақ өтуі
Біз өз сабақтарымызда балаларды топпен қарым-қатынас жасауға, достасуға, өз ойларын еркін жеткізуге үйретеміз. Шет тілі негіздері, математика, дене жаттығулары.
Ағылшын тілінің негіздері
Сабақ барысында балалар жаңа тілде ұялмай сөйлесуді үйренеді, диалогтар құрады. Баланың жас кезінде де тіл туралы түсінігі қалыптасады және сол тілде басқалармен тіл табыса алады.
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеуді дамыту сабағында біз тақпақ үйренеміз, өзімізше әңгіме құрастырамыз, басқаларға айтып жаттығамыз. Біз балаларға өз ойларын анық жеткізуге және көпшілік алдында сөйлеуден ұялмауға көмектесеміз.
Көрнекі ойлау
Көрнекі ойлау қиялды дамытады және бала кезінен жақсы талғамды сіңіреді. Біз сурет салуды, мүсіндеуді, фильм түсіруді және т.б. үйренеміз.
Дене шынықтыру
Жаттығулар мен жаттығулар. Бұл балалардың дұрыс физикалық дамуы үшін ойын түрінде күнделікті әрекеттер.
Ата-аналарға ұсыныс
Бала тәрбиелеу тек балабақша шеңберінде ғана емес сонымен қатар отбасы ішінде жүзеге асады. Осы мақсатпен балабақша тарапынан ата-аналарға баланың дамуына жақсы үлес қосатын түрлі қимылды ойындарды ұсынамыз.
Бэйби Анджел балабақшасының ас мәзірі басшы бекіткен перспективтік маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзірге сәйкес. Тамақтану жағдайын дұрыс ұйымдастыру - балалардың денсаулығын сақтаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады және балабақшада уақытының көп бөлігін өткізетінін ескере отырып, балалардың денсаулық деңгейінің жақсаруына әкеледі.
Көп қойылатын сұрақтарға жауаптарды тізуді жөн көрдік. Біздің балабақшаға келу, жұмыс кестесі, мекемедегі жарақтандыру және басқа да маңызды сұрақтарға жауаптар. babyangeltse@mail.ru
Қарлығаш:
Бақшаға қалай баруға болады?
Балабақша:
Біздің ұсынымыз алдымен балабақшаға келіп танысқаныңыз жөн. Бала баратын топты көріп, тәрбиешімен танысып баланың ерекшеліктері болса соны естірткен жөн. Барлық жағдай қолайлы деп шешсеңіз Индиго электронды балабақша сайты арқылы https://indigo-nursultan.e-orda.kz/ жолдама алып, келісім-шартқа қол қоясыз.
Құныпия:
Қандай құжаттарды тапсыру керек?
Балабақша:
Балаларыңызды орналастыру үшін балабақшаға ата-аналарының жеке төлқұжаттары, баланың туу туралы куәлігі, Бала денсаулығы паспорты 052-у. анықтамалар форма 027/у, форма -065/у және 3х4 бала фотосы қажет болады.
Нартай:
Менің балам 2024 жылы туды. Ол мемлекеттік дотация арқылы тәрбиелене алады ма?
Балабақша:
Бала 2024 жылы туылса онда 2026-2027 оқу жылын балабақшада өткізе алады. Ваучер берілу 1 шілдеден басталып осы уақытта орындар шыға бастайды. Мемлекеттік дотация сол кезде 2024 жылы туылған балаларға қарастырылған.
Сынақ күніне жазылыңыз
Балаңызды топқа орналастыру үшін алдымен балабақшамен, оның жағдайымен, атмосферасымен танысуға болады. Байланыс деректеріңізді қалдырсаңыз, біз сізбен хабарласамыз.